Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

"Ислам мемлекетінің" хакерлері Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің сайтын бұзды

04 Мамыр 2015, 10:11
0
Dw.de сайтынан
Dw.de сайтынан

"Ислам Мемлекеті" ұйымының хакерлері Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің сайтын бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хакерлер сайтты бұзғаннан кейін оның бастапқы бетіне YouTube порталындағы мұсылмандардың уағызы айтылған бейнеролик жүктеген. Сонымен қатар, олар бастапқы бетке ИМ лаңкестік ұйымын қолдау мен "кінәсіз мұсылмандарды өлтіріп жатқан" АҚШ, Израиль және араб елдеріне қарсы күресу туралы мәтін қалдырған. Хакерлер өздері жазған мәтіндерді неғұрлым көп адам оқуы үшін мемлекеттік сайттарға шабуыл жасауды тоқтатпайтынын да мәлімдеді.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның техникалық қызметкерлері сайтты қалпына келтіру жұмыстарын бастап кеткенін хабарлады. Еске сала кетейік, осыған дейін ресейлік хакерлердің Ақ үйдің компьютерлік желісіне шабуыл жасап, АҚШ президенті Барак Обаманың жұмыс кестесі туралы ақпарат алуға тырысқаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, ресейлік хакерлер соңғы уақытта АҚШ Мемлекеттік департаментінің  желісіне де бірнеше шабуыл жасады. Хабарламада хакерлердің маңызды немесе құпия ақпараттарды алып үлгермегені жазылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай