09 қыркүйек 2016 14:57

Италияда автомобиль жиналып тұрған бір топ адамды қағып кетті, 30-ға жуық тұрғын зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ria.ru © ria.ru

Италияның Сардини аралында орналсқан Нуле қаласында жеңіл автокөліктің жүргізушісі адамдар тобын соқты, салдарынан 30-ға жуық адам (ішінде 11 айлық нәресте бар) зардап шекті, - деп хабрлайды РИА Новости.


Италияның Сардини аралында орналсқан Нуле қаласында жеңіл автокөліктің жүргізушісі адамдар тобын соқты, салдарынан 30-ға жуық адам (ішінде 11 айлық нәресте бар) зардап шекті, - деп хабрлайды РИА Новости.

Adnkronos агенттігінің мәліметінше, оқиға жұма күніне қараған түні болған. Ол кезде адамдар жергілікті мерекені тойлау үшін сыртта жүрген. Шамамен жергілікті уақыт бойынша 01.30-де 63 жастағы мал дәрігері Костантино Гатту Fiat Panda көлігін жүргізіп келе жатып, тізгінді игере алмай қаланың басты көшесіндегі адамдарды қағып кеткен.

Оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын 30-ға жуық адам алған. Осыдан кейін көлікті сол маңдағы адамдар тобы тоқтатып алған, Гатту көліктен шыққан уақытта, сол жерде жүргендердің бірі төрт рет пышақ салған. 

Ер адам ауруханаға жеткізілген, ол жерде оны құқық қорғау органдарының өкілдері қарауға алған. Олар болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Басылым Гатту адамдарды қаққан кезде мас күйінде болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети