20 қараша 2017 17:55

Италияда қылмыс әлемінің 43 өкілі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vmichurinske.ru © vmichurinske.ru

Италиялық құқық қорғау органдары Неапольде есірткі тасымалы және сатумен айналысқан "каморра" мафиозиялық кланын құрықтау операциясын жүргізді. Бұл туралы италиялық полиция өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Тергеу шаралары барысында италиялық қаланың солтүстік аудандарында кокаин, героин, марихуана және гашиш сатумен айналысқан топтың әрекетін әшкерелеген. 

"Ло Руссо" кланының 43 мүшесін қамауға алу туралы ордер берілген. Оларға мафиозиялық әрекеттер жасады, есіркі сатты және қару-жарақ сақтау және ұстап жүрді деген айыптар тағылды. Операция барысында тәркіленген заттар: Калашников автоматы, бес мылтық, 6 тапанша, оқ және оқ өтпейтін кеудеше. 

Сонымен қатар, Неапольде жергілікті карабинерлер қала көшелерінде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген бір албаниялық азаматтарды анықтаған. Дүйсенбі күні таңғы уақытта болған операция барысында 15 адам ұсталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети