13 желтоқсан 2019 10:36

Жаңа Зеландияда жанартау атқылауынан алты адам қаза тапты

© REUTERS © REUTERS

Жаңа Зеландия полициясының баспасөз қызметі Уайт-Айленд аралында болған жанартау атқылауы кезінде алты адамның денесі табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Аргументы и факты"


Жаңа Зеландия полициясының баспасөз қызметі Уайт-Айленд аралында болған жанартау атқылауы кезінде алты адамның денесі табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Аргументы и факты"

"Қазіргі уақытта алты адамның денесі Wellington күзет кемесіне жеткізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Басылымның мәліметінше, бүгінде Жаңа Зеландияның күйік орталықтарында зардап шеккен 17 адам бар, оның 13-і ауыр жағдайда жатыр. Сонымен қатар, 11 адам Аустралияға жеткізілген. 

Айта кетейік, жанартау атқылаған кезде оның маңында шамамен 100 адам болған. Жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 14:15-те оянған. Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық агенттік қазіргі уақытта жанартау қаупінің дәрежесін анықтап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети