08 шілде 2014 10:21

Жанна Фриске өзінің 40 жылдығын Лос-Анджелесте отбасымен атап өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанна Фриске. ©РИА Новости Жанна Фриске. ©РИА Новости

Қатерлі ісікке шалдыққан ресейлік әнші Жанна Фриске 8 шілдеде өзінің 40 жылдығын Лос-Анджелесте отбасымен атап өтеді. Ол қазір Лос-Анджелесте реабилитациялық курс өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 


Қатерлі ісікке шалдыққан ресейлік әнші Жанна Фриске 8 шілдеде өзінің 40 жылдығын Лос-Анджелесте отбасымен атап өтеді. Ол қазір Лос-Анджелесте реабилитациялық курс өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

Жалғасы

"Жаннаның жағдайы қазір біршама жақсарып қалды. Мен одан басқа әзірге ештеңе айта алмаймын. Мен оған жиі барып тұрамын. Егер туған күніне баруға үлгермесем, жақын күндері міндетті түрде барамын", - деді әншінің досы Ольга Орлова. Жаннаның әкесі Владимир де қызының туған күніне АҚШ-қа бара алмайтынын айтты. "Мен қызымның туған күніне үлгермеймін. Бірақ жақын күндері Жаннаны құттықтаймын", дейді ол. Оның айтуынша ол қызына балғын қара уылдырық әкелмекші екен. Алайда қазір уылдырық Астраханьнан әкелінбепті. 

Әншінің күйеуі тележүргізуші Дмитрий Шепелев жарының туған күнінде Жаннамен және ұлы Платонмен бірге болады. "Атақты әйелің болған өте ыңғайлы. Журналистер әйелімнің туған күнін күнде есіме салып тұрады. Ешқашан ұмытпайсың", - деп жазыпты ол Twitter-де.

Бұған дейін әншінің әкесі Жанна Фрискенің шілденің соңында Мәскеуге келетінін айтқан болатын. Сондай-ақ ол Жаннаның Лос-Анжелесте ем алумен қатар Нью-Йорктің дәрігерлерінен көмек сұрағанын да жеткізген еді. Қазіргі таңда әнші дәрігерлердің кеңесімен химиятерапиядан бас тартып, мидағы ісікке жақсы әсер ететін нановакцинаны қабылдауда. Осындай емнен кейін Жаннан біраз салмақ тастап, төсектен тұра алатын жағдайға жетті. Ал бұған дейін ол гармонотерапиядан кейін толып кеткен болатын.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети