27 қазан 2015 11:44

Жапония Қазақстаннан сирек кездесетін металдар кенін іздейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© jogmec.go.jp © jogmec.go.jp

Жапония Қазақстанмен бірлесіп Қарағанды және Қостанай облыстарынан сирек кездесетін металдар кенін іздеумен айналысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жапония Қазақстанмен бірлесіп Қарағанды және Қостанай облыстарынан сирек кездесетін металдар кенін іздеумен айналысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Жапонияның JOGMEG мұнай, газ және металл жөніндегі ұлттық компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесу Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абенің Қазақстанға ресми сапары аясында өтті. Тараптар Қазақстанда алдын ала геологиялық зерттеулер жүргізу бойынша бірлескен жобаға қатысты мәселелерді талқылады.

"JOGMEG"  пен "Қазгеология" геологиялық барлау компаниясы жұмыстарын келесі жылы көктемде Қарағанды облысының Қыземшек және Қостанай облысының Жаңарқалық иттрий кеніші учаскесінде бастайды", - делінген ҚР ИДМ хабарламасында.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстанда сирек кездесетін металдарды өңдеу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты. Бұл мәселені жан-жақты талқылау үшін компания деңгейінде жұмыс тобы құрылып, қосымша кездесу өткізіледі.

ҚР ИДМ өткен кездесу қорытындысы бойынша жапониялық JOGMEG корпорациясы мен "Қазгеология" АҚ пайдалы қазбалар саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Индустриаландыру бағдарламасы аясында геология және жер қойнауын пайдалану саласында әлемдік ірі компаниялардың қатысуымен жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, Австралия-британиялық концерн RioTinto, оңтүстіккореялық Korea Resources Corporation, австралиялық Iluka Resources Limited компаниясы мен неміс инвестициясы Ulmus Fund жеке қорының қатысуымен геологиялық барлау жұмыстары басталды.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети