Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Жапонияда тайфунға байланысты 460 әуе рейсі тоқтатылды

09 Тамыз 2014, 12:08
0
©opogode.ua
©opogode.ua

Жапонияның оңтүстігінде "Халон" жойқын тайфуны салдарынан 460-қа жуық әуе рейсі кейінге қалды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Japan Airlines (JAL) әуе компаниясы елдің оңтүстігін басқа өңірлермен байланыстыратын 135 ішкі рейсті кейінге қалдырған. Japan Air Commuter (JAC) компаниясы 125 рейсті, All Nippon Airlines (ANA) 94 рейсті орындауды тоқтатты. Jetstar Airways, Skymark Airlines, Peach Aviation сияқты жергілікті әуе компаниялары да өз рейстерін біршама уақытқа шегерді.

Қазір "Халон" Кюсю аралынан оңтүстік-шығыс жақта тұр. Сенбі күні кешкісін оның Сикоку аралына жақындайтыны туралы болжам бар. Тайфунның ортасындағы қысым - 955 гектопаскаль, жел екпіні секундына 40-55 метрге жетіп тұр. Циклон солтүстік-шығыс бағытқа сағатына 15 шақырым жылдамдықпен жылжып келеді. Ол дүйсенбіге дейін Жапонияның көп бөлігін басып өтеді.

Кюсю, Сикоку аралдарында және Хонсю аралының Кинки ауданында тайфунға байланысты төтенше ескерту жарияланды. Мамандар сел, лай көшкіні мен толассыз жауын болатынын ескертті. Сикоку аралында демалыс күндері 700 мм-ге дейін, Кинки ауданында 600 мм-ге дейін жауын-шашын болуы мүмкін.

Циклонның әсерінен болған нөсердің салдарынан қазірдің өзінде төрт адамның зардап шеккені белгілі болып отыр. Сикоку аралындағы Токусима қаласында 20 мың адамға қауіпсіз аймаққа көшуге кеңес берілді. Осака қаласында циклонға байланысты "Нанива Йодогава" ірі отшашу фестивалі кейінге қалдырылды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай