Жазда Қазақстанға 200 мың ресейлік турист келеді

28 Наурыз 2016, 10:22
0
Жазда Қазақстанға 200 мың ресейлік турист келеді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

2016 жылдың жазында Қазақстанға 200 мыңға жуық ресейлік турист келуі мүмкін. Мұндай пікірді "Коммерсантъ" газетіне сұхбат берген туристік компанияның бас директоры Сергей Романшкин айтты. Оның айтуынша, Түркияға баруға мүмкіндігі болмаған ресейліктер бұрынғы кеңес республикаларына назар аудара бастады.

Грузияға, Арменияға және Әзірбайжанға қыдыр барушылардың 50 пайызға көбейгені тіркеліпті. Жазғы маусымда Абхазияға баратындар көп сыңайлы, ресейліктер Краснодар өлкесіне қызығушылық танытып отыр екен. Ол жаққа жазда 1,5 миллион ресейлік барады деп болжанып отыр, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Ал Грузия, Армения және Әзірбайжанға деген сұраныс 50 пайызға өскен. Грузияға 300 мың турист барады делінеді. "Қазақстанға жазда 100-200 мың адам, Қырғызстанға 100 мың адам, Өзбекстанға 50 мың, Тәжікстанға 30 мың адам баруы ықтимал", - деді Ромашкин.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай