Қырғызстанда оқушы қыз парламент отырысында мектептегі жемқорлық жайлы айтып жатқанда депутаттар күліп жіберген, - деп жазады Vesti.kg.
Қырғызстанда оқушы қыз парламент отырысында мектептегі жемқорлық жайлы айтып жатқанда депутаттар күліп жіберген, - деп жазады Vesti.kg.
Басылымның мәліметінше, қыз парламенттегілердің реакциясын көріп, әрі қарай сөйлеуден бас тартқан.
20 қарашада Қырғызстан парламентінде депутаттар Балалар құқықтары туралы Конвенцияның 30 жылдығына орай жиналып, оқушылармен кездескен. Кездесу барысында бастауыш сыныпта оқитын қыз сөз сөйлеген. Ол мектептегі медбикенің балаларға көрсеткен қызметі үшін ақша алатынын айтқан.
"Біздің медбике екпені ақшаға ғана салып береді", - деп шағымданған қырғызстандық оқушы.
Дәл осы сөзден кейбір депутаттар күліп жіберген. Нәтижесінде қыз жылап жіберіп, әр қарай сөйлеуден бас тартқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram