25 ақпан 2014 13:34

Жириновскийдің сөзі Қырғызстанның Кеден одағына енуіне қауіп төндіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан парламенті халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Қаныбек Иманалиев. ©Knews.kg Қырғызстан парламенті халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Қаныбек Иманалиев. ©Knews.kg

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Ресей Мемлекеттік думасының депутаты, ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің пікіріне жауап ретінде мәлімдеме әзірлеп жатыр. Бұл туралы Бішкекте парламенттің халықаралық істер жөніндегі комитетінің отырысында ведомство басшысы Эрлан Абдылдаев айтты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". "Жириновский жуырда Украинадағы ахуал бойынша сөйлеген сөзінде Орталық Азия елдерінің тәуелсіз мәртебесіне қатысты күмән келтірді. Ол Ресей Украинаны ғана емес, Орталық Азия елдерін де "өз жұдырығында" ұстауы керек деп мәлімдеді. Бір жарым жыл бұрын ол біздің республикаға қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Біз тиісті нота жолдап, Жириновскийді персона нон грата деп жарияладық. Оның соңғы мәлімдемесінің эмоциялық бояуы бар. Біз сондай деңгейдегі мемлекеттік қайраткерлер өз мәлімдемелеріне абай болуы керек деп есептейміз", - деді Абдылдаев. Қырғызстан депутаттары Жириновскийдің сөзінен басқа да жағымсыз әсерлерді байқап отыр. "Жириновскийдің пікірі интеграциялық процестерді іске асыруға, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық кеңістік құру мен Қырғызстанның Кеден одағына енуіне қауіп төндіреді", - деді өз кезегінде халықаралық істер жөніндегі парламенттік комитеттің төрағасы Қаныбек Иманалиев. Салалық комитет басшылығы Жириновскийдің "Ресейдің ортаазиялық федералдық округін құру арқылы Орталық Азия елдерінің қатарын шектеу" туралы ұсынысына байланысты ресми мәлімдеме жасау керек деп есептейді. Парламент депутаттары Қырғызстан сыртқы саясат ведомствосына Жириновскийдің пікіріне қатысты ақпарат алу үшін Ресейдің Сыртқы істер министрлігіне нота жолдауды тапсырды. Айта кетейік, ресейлік саясаткердің "Қырғызстан Ресейге қарыз орнына Ыстықкөлді беруі керек" деген пікірі үшін ресми Бішкек оны персона нон грата деп жариялаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети