19 мамыр 2016 12:44

Жоғалып кеткен EgyptAir ұшағының бортында 12 елдің азаматтары болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ptzgovorit.ru © Ptzgovorit.ru

EgyptAir әуе компаниясы Жерорта теңізінің үстінде жоғалып кеткен ұшақтың бортындағы жолаушылар мен экипаж мүшелерінің санын анықтады. Бұл жөнінде әуе компаниясының өкілі Twitter парақшасында хабарлады.

Лайнердің бортында 56 жолаушы, экипаждың 7 мүшесі және қауіпсіздік қызметінің 3 қызметкері болған екен. Олардың 30-ы Мысыр, 15-і - Франция, екеуі - Ирак азаматы, бір-бірден Ұлыбритания, Бельгия, Кувейт, Сауд Арабиясы, Судан, Чад, Португалия, Алжир және Канада азаматтары болғаны анықталды.

Айта кетейік, ұшақ радардан Каир уақыты бойынша сағат 02.45-те жоғалып кеткен болатын. Ұшақ ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. Ол радардан Грекияның аумағына кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кетті. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақ Жерорта теңізіне құлған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети