24 шілде 2016 20:22

Жолбарыстың бір қызды талап өлтіргені видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

Бейжің түбіндегі Бадалин жабайы сафари-бағына келген қызды жолбарыстың тартып әкеткен видеосы Желіде жария болды. Видео CCTV News басылымының Youtube арнасына жүктеліпті.


Бейжің түбіндегі Бадалин жабайы сафари-бағына келген қызды жолбарыстың тартып әкеткен видеосы Желіде жария болды. Видео CCTV News басылымының Youtube арнасына жүктеліпті.

Видео сипаттамасында баққа келген қыздың өлгенін, ал тағы бір адамның жарақат алғаны жазылған. Оларға екі жолбарыс шабуылдаған. Оқиға қыздар көліктен шыққан кезде болған. Видеода жыртқыштың қызды тартып әкеткенін, кейін соңынан жүргізуші мен тағы бір қыздың көліктен шыққанын көруге болады. Бақ әкімшілігі келушілерге өз көлігімен қыдыруға рұқсат етеді екен, алайда көліктен шығуға тыйым салыныпты.

South China Morning Post мәліметінше, қыз жүргізушімен жанжалдасып қалғаннан кейін шыққан. Көлікте төрт адам болыпты. Көліктен бірінші шыққан қыздың аман қалғаны айтылады. Оны құтқармақ болған екінші қызды жыртқыш өлтіріпті. Бақ тергеу аяқталғанша жабылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети