26 желтоқсан 2015 13:10

Жұма намазынан қайтқан Ердоған Ыстамбұлда өзін-өзі өлтіргісі келген адамды құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Daily Sabah.


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Daily Sabah.

Басылым жариялаған видеожазбада Ердоғанның кортежінің суицид жасағысы келген ер адам тұрған көпірде тоқтағаны көрінеді. Кортежді тоқтату туралы бұйрықты Ердоғанның өзі берген. Президенттің көмекшілері ер адаммен сөйлесіп, онымен Ердоғанның әңгімелескісі келетінін айтады. Осыдан кейін ер адам Түркия басшысы отырған көлікке жақындайды. Видеодан өзін-өзі өлтіргісі келген адамның Ердоғанмен бірнеше минут сөйлескенін көруге болады. Осыдан кейін ер адам Ердоғанның қолын сүйеді. 

Ал РИА Новости көпірден секірмек болған ер адамның Түркияның оңтүстік шығысындағы Сиирт қаласының тұрғыны екенін хабарлады. Везир Чатраштың отбасылық жанжалдан күйзеліске ұшырап, суицид жасауға оқталғаны белгілі болды. Чатраш көпірдің қоршауынан өтсе де секірмеуге бел байлапты. Төтенше оқиға орнына полиция келді. Ал дәл осы уақытта бұл көпірден жұма намаздан қайтқан түрік президентінің кортежі өтіп бара жатыпты. 

Агенттіктің мәліметінше, Түркия президенті шенеуніктерге осы ер адамның басындағы мәселені шешіп беруге және қажетті көмек беруге тапсырма беріпті. Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға сеніңкіремеді. Олар бұл оқиғаны қасақана құрастырылған деп айыптап отыр. Ал Чатраштың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында оның Түркияның билеуші партиясын жақтаушы екені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети