23 қазан 2018 15:37

Журналист Хашукджи консулдық резиденциясының құдығынан өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джамаль Хашукджи. © REUTERS Джамаль Хашукджи. © REUTERS

Журналист Жамал Хашукджидің денесі Ыстамбұлдағы сауд арабиялық бас консулдығының резиденциясындағы құдықтан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Журналист Жамал Хашукджидің денесі Ыстамбұлдағы сауд арабиялық бас консулдығының резиденциясындағы құдықтан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы түріктердің Vatan ("Отан") партиясының басшысы Догу Перинчек мәлімдеді.

"Маған Ыстамбұлдың қауіпсіздік қызметіндегі сенімді дереккөздер Хашукджидің денесі құдықтан табылғанын хабарлады, ол құдық сауд арабиялық бас консулдығы резиденциясының аумағындағы бақшада орналасқан", - деп хабарлады ол.

Сауд Арабиясының журналисі Джамаль Хашукджи америкалық Washington Post газетінде шолушы болып қызмет еткен және 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрған, Түркияда 2 қазанда Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы бас консулдығының ғимаратына кіргеннен кейін жоғалып кеткен.

Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат құралдары 20 қазанға қараған түні бас прокурордың хабарламасын таратты, онда алдын ала мәлімет бойынша Хашукджидің консулдық қызметкерлерімен жанжалдасқаннан кейін мерт болғаны айтылған. Бұл іске қатысты 18 адам ұсталды, олардан түсінік алынып, Сауд Арабиясының билігі шындықты анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға тырысып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети