23 ақпан 2018 14:25

Жүзе білмейтін полицей батып бара жатқан жігітті судан алып шықты - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © ТВК Иллюстрациялық сурет © ТВК

Үлкен Манчестер қаласының полиция офицері Мохаммед Надим өзіне берілген аумақты қарау кезінде ерлік жасады, - деп хабарлайды "Лайф". 


Үлкен Манчестер қаласының полиция офицері Мохаммед Надим өзіне берілген аумақты қарау кезінде ерлік жасады, - деп хабарлайды "Лайф". 

Полицей Ирвелл өзені бойымен келе жатып, суға батып бара жатқан жігітті көріп қалған. Полицей ойланбастан суға секірген, тіпті үстіндегі ауыр оқ өтпейтін кеудешесін де шешпеген. 

Ең қызықтысы, ол осы күнге дейін жүзу білмеген екен. Оқиға офицердің қызметтік камерасына түсіп қалған екен. 

"Жүзе алмайтыным туралы ойлануға уақыт болмады, ал үстімдегіні шешкенше жігіт батып кететін еді. Оған дейін жүзіп барып, алып шыққаным бір ғажайып", - дейді Мохаммед Надим.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети