28 шілде 2015 16:09

Каддафидің ұлы өлім жазасына кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сейф әл-Ислам. © REUTERS Сейф әл-Ислам. © REUTERS

Ливия соты елдің бұрынғы көшбасшысы Муаммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламды өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды The Guardian.


Ливия соты елдің бұрынғы көшбасшысы Муаммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламды өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды The Guardian.

Сот отырысы кезінде Сейф әл-Ислам Каддафи кінәсіз екенін айтты. Оның айтуынша, ол азаматтық соғыс кезінде әкесінің баспасөз хатшысы болған, бірақ соғысқа қатыспаған.

Сонымен қатар, Триполи қылмыстық соты сегіз жоғары лауазымды шенеунікті ату жазасына кесті, олар - Каддафидің тұсында жоғары қызметте болғандар. Олардың барлығына 2011 жылы 17 ақпандағы революцияда бейбіт шерушілерді өлтіруге арандатты және шеруді басу үшін жазалаушы жасақ құрды деген айып тағылды. Сонымен қатар, олар сыбайлас жемқорлық түріндегі қылмыс жасады деп айыпталды.

Айта кетейік, бұл елде көшбасшы Муаммар Каддафи 2011 жылы өлгеннен кейін дағдарыс басталып, қос билік орнады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети