19 шілде 2014 12:23

Кадыров Instagram-ға өлі Доку Омаровтың суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram / kadyrov_95 Фото: Instagram / kadyrov_95

 Шешенстанның басшысы Рамазан Кадыров Instagram-ға өлі Доку Омаровтың суретін жариялады. Ол бұған дейін де Умаровтың спецопреациялар кезінде қаза тапқанын айтқан болатын. Алайда қарулы күштер ведомствосы мен БАҚ бұл ақпараттың растығына күдіктенген еді. 


 Шешенстанның басшысы Рамазан Кадыров Instagram-ға өлі Доку Омаровтың суретін жариялады. Ол бұған дейін де Умаровтың спецопреациялар кезінде қаза тапқанын айтқан болатын. Алайда қарулы күштер ведомствосы мен БАҚ бұл ақпараттың растығына күдіктенген еді. 

"Умаровтың өлгеніне сенбейтіндер үшін оның өлі денесінің суретін әдейі жариялап отырмын. Ол ешқашан әскери сарбаз болған емес. Ол әлемде болып жатқан барлық жағдайларды өзінің мойынан алудың маманы еді. Осы жағынан ол Салман Радуевтен де асып түсті. Умаров өзінің баратын жеріне кетті. Енді ешқашан Шешенстанда Умаровтар, Басаевтар, Хаттабтар болмасын.Бұл үшін біздің еркіндігіміз, күшіміз, бірлігіміз жетеді", дейді Кадыров. 

Соңғы жылдары Умаровтың қаза тапқандығы жайлы ақпарат БАҚ-қа он шақты рет шықты. Үстіміздегі жылдың наурыз айында содтүстік кавказдық жасырын ұйым "Имарат Кавказ" өз көшбасшылары Умаровтың қайтыс болғанын ресми түрде жариялады. 

РИА Новости атап өткендей Доку Умаров солтүстіккавказдықтардың көшбасшысы. Ол Ресейдегі ірі террактілерге: "Невский экспресс" поезіндегі жарылыс (27.11.2009), Мәскеу метросындағы жарылыс (29.03.2010), "Домодедово" әуежайындағы жарылыс (24.01.2011) және басқа да терактілер оның бұйрығымен жасалғаны айтылған болатын. 

2010 жылы АҚШ Доку Умаровты ресми түрде халықаралық террористер  тізіміне қосқты.  2011 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Умаровты  "Аль-Каидаға" қатысты террористер қатарына жатқызды. АҚШ Доку Умаров туралы ақпарат берген адамға 5 миллион доллар сыйақы беретінін айтқан болатын 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети