Каирдегі Италия елшілігі ғимаратында жарылыс болды

11 Шілде 2015, 16:27
0
Каирдегі Италия елшілігі ғимаратында жарылыс болды - © Аhram.org.eg
© Аhram.org.eg

Каир орталығындағы Италия елшілігі ғимаратында жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жарылыстың салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Италия сыртқы істер министрі Паоло Джентилони Twitter желісіндегі микроблогында зардап шеккендердің ішінде италиялық азаматтардың болмағанын айтты.

"Бомба Каирдегі біздің елшілік ғимаратына қойылған. Зардап шеккендердің ішінде италиялық азаматтар жоқ. Біз қызметкерлермен бірге зардап шеккендердің қасындамыз. Италия өзін қорқытуға жол бермейді", - деп жазылған министр хабарламасында. 

Италия СІМ арнайы тобы, Каирдегі италиялық елшілер Мысыр билігімен бірге оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылғыш зат елшілік ғимаратына жақын жердегі автомобильге қойылған. Италия елшілігі орналасқан ғимаратқа зиян келді. Террорлық актіні әзірше ешқандай топ мойнына алған жоқ.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 29 маусымында Мысырда болған жарылыстан елдің бас прокуроры Хишам Баракат қаза тапқан болатын. Оның көлігінің астына жарылғыш затты белгісіз біреулер қойған. Прокурордың оққағарлары да жарақат алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай