21 сәуір 2017 13:52

Калифорнияда жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл көлікті сүйретіп келе жатқанын байқамаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Калифорнияда жүк көлігінің жүргізушісі Nissan Maxima автомобилін байқамай іліп алып, тас жолдың үстінде бірнеше метр бойы сүйреген. Осы оқиғаны тас жолда келе жатқан ер адам видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Олар көлікті сүйреп келеді. Олар не болып жатқанын білмейтін болуы керек", - деп пікір білдірді Брайан Стеймке есімді куәгер. Ер адам жүк көлігіне қысылып қалған автомобильге жақындаған уақытта жеңіл көліктің жүргізушісі жүк көлігінің тоқтамай келе жатқанын айтқан. Бірнеше уақыттан соң жүк көлігінің жүргізушісін тоқтату мүмкін болды. 

"Сенің көлігіңнің астында адам болды", - деді Стемке жүргізушіге, ал ол болса ештеңені көрмегенін айтқан. 

Полиция мәліметінше, сәбіз алып келе жатқан жүк көлігі жеңіл көлікті одан озып өтпекші болған уақытта іліп алып кеткен. Nissan Maxima жүргізушісі жеңіл жарақат алған, медициналық көмекті қажет етпеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети