06 қаңтар 2017 19:12

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға Сирияға гуманитарлық көмек жіберді, 500 тонна азық-түлік Тартус портына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанға Сирияға гуманитарлық көмек жіберді, 500 тонна азық-түлік Тартус портына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2017 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сирия Араб Республикасының халқына 500 тоннаға жуық ұн, ет консервтері, күріш, макарон мен шай мөлшеріндегі гуманитарлы жәрдемін жеткізді.

Гуманитарлы жүк сириялық Тартус портына Ресей Федерациясының ықпалдасуымен жеткізілді. Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Азамат Бердібай тапсырған гуманитарлы жәрдемді сириялық тараптан Тартус провинциясы Кеңесінің төрағасы Ясер Дибба қабылдады.

Қазақстанның гуманитарлы жәрдемін қажеттенген сириялықтарға тарату Сирияға көмек көрсету жөніндегі жоғарғы комиссия қадағалауымен жүзеге асырылатын болады.

"Сириядағы ауқымды гуманитарлы дағдарысты есепке ала отырып, бұл елге гуманитарлы жәрдемді көрсету жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады", - деді Бердібай.

Бұл Қазақстанның Сирия халқына көрсетіп жатқан тұңғыш көмегі емес. 2012 жылы босқындар лагерлерінде орналасқан сириялықтарға гуманитарлы жәрдем ретінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы арқылы Қазақстан Иордания мен Ливан үкіметтеріне 400 мың АҚШ долларын бөлген.

Сондай-ақ, 2015 жылғы қазанда Астанада өткен сириялық оппозиция өкілдері арасындағы келіссөздерден кейін Түркия-Сирия шекарасында шоғырланған сириялық босқындарға фармацевтикалық, азық-түлік және тұрғын мәселелерін жақсарту үшін сириялық босқындарға Қазақстан 300 мың еуро көлемінде гуманитарлы жәрдем беруі туралы Меморандумға қол қойылған.

Еске салайық, 23 қаңтарда Астанада Сирия мәселесі бойынша Ресей және Түркия президенттерінің қатысуымен келіссөздер өтеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети