04 сәуір 2017 12:41

Қазақстан тумасы Астраханда полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Тергеушілер Астраханда полицейлерді өлтірді деген сегіз күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости Өңір бойынша Тергеу басқармасы тергеу комитеті басшысының бас көмекшісі Андрей Хегайға сілтеме жасап.


Тергеушілер Астраханда полицейлерді өлтірді деген сегіз күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости Өңір бойынша Тергеу басқармасы тергеу комитеті басшысының бас көмекшісі Андрей Хегайға сілтеме жасап.

Айта кетейік, осыған дейін Ресейде белгісіз біреулердің полицейлерге оқ атқаны хабарланған болатын. "Полиция қызметкерлері жол апаты болған жерге келген. Хаттама толтырып жатқан кезде оларға оқ атылған, болжаммен атыс қаруынан екі полицей де көз жұмды", - деген еді өңірдегі ІІМБ-ның өкілдері. Олардың бірінің артында екі баласы қалды. 

"Ауыр қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен мына күдіктілер іздестіріліп жатыр: Нұрбол Саспанов, 1990 жылғы, Астрахан облысының тумасы, Әлібек Гизатов, Қазақстан тумасы, Закир Тәжіков, 1992 жылғы, Астрахан облысының тумасы, Намик Агарзаев, 1996 жылғы, Астрахан облысының тұрғыны, Қадырбай Маймашев, 1979 жылғы, Астрахан облысының тұрғыны, Ильяс Магомедов, 1990 жылғы, Қазақ КСР тумасы және 1986 жылғы Ахмед Магомедов, ол да Қазақ КСР тумасы", - деп түсіндірді Андрей Хегай.

Тергеу мәліметінше, 2017 жылдың 4 сәуірінде шамамен сағат 00.27-де белгісіз біреулер Астрахандағы Ленин ауданы Автозаправочный көшесінде орналасқан "Магистраль" дүкенінде полицейлерге шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети