22 қаңтар 2016 10:20

Қазақстандық 1000 компания Украинадан тауарды РФ арқылы импорттайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Жыл соңына дейін Украинадан тауар импорттайтын отандық компаниялар саны бір мыңға жетеді. Бүгіннің өзінде Федералды кеден қызметіне 200 компания енген тізім тапсырылды. Бұл жөнінде "Астана" телеарнасының тілшілеріне "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дана Жүнісова мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан Украинаға қатысты эмбаргоны қолдамаса да, ресейлік тарап осындай тәуекелге барды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағылар Украина тауарын импорттау үшін балама жолдар қарастырылып жатқанын айтады. Бірақ ол жолдар отандық кәсіпкерлердің қалтасын қағары анық.

"Ол - Транскаспий халықаралық маршруты. Сондай-ақ, Түркменстан-Иран бағытындағы маршруты. Баламалы жол арқылы жеткен жүктің шығыны артатыны да түсінікті. Бірақ нақты қаншалықты қымбаттайды деген сұраққа жауап бере алмаймыз", - деді Дана Жүнісова

Бүгін Қазақстанға Ресей Федерациясы аумағы арқылы қарауылмен өткен Украинаның 8 жүк көлігі жетті. Жеткізілген тауарлар қатарында құрылыс материалдары, сондай-ақ нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер бар.

Айта кетейік, Ресей 1 қаңтардан бастап өз шекарасы арқылы Украинадан Қазақстанға тікелей жүк тасымалына тыйым салған еді. Ресми Киев Еуроодақпен еркін сауда-саттық жүргізу туралы келісімді мақұлдаған соң, Ресей осындай қадамға барды. Осылайша, Украинадан шыққан жүк көліктері тек Беларусь арқылы ғана Ресей шекарасынан өтуге міндеттелді.

Еске салайық, екі күн бұрын Украинаның экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Наталия Микольская, Ресей аумағы арқылы шыққан бір көлікті қарауылмен шығарып салу үшін, 350 АҚШ валютасы жұмсалғанын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети