28 қыркүйек 2015 10:09

Қазақстандық жасөспірім қыз жігіт үшін Сирияға кетіп қала жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

13 жастағы қазақстандық сириялық содырлардың құрбаны бола жаздады - оны соғысқа алдап апару көзделген, алайда ол Сирияға шығар жерде құтқарылды. Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" хабарлады.


13 жастағы қазақстандық сириялық содырлардың құрбаны бола жаздады - оны соғысқа алдап апару көзделген, алайда ол Сирияға шығар жерде құтқарылды. Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, содырлар қызға әлеуметтік желі арқылы шыққан. Белгісіз біреулер оған хабарлама жолдапты. "Қарапайым отбасымыз, ол мектептен қашан келеді деп күттік. Шығарып салдық. Білмеймін. (...) Мұндайды жауыма да тілемеймін", - деді жасөспірімнің анасы толқып.

13 жастағы мектеп оқушысының Интернеттен содырлар туралы ақпарат іздегені анықталды, ол оны теледидардан көріпті. Ал әлеуметтік желілер қолданушы әрдайым ізін қалдырып кететіндей етіп жасалған.

"Мен оны теледидардан көрдім, кейін олар маған жазды: сол жігітпен таныстырғанымызды қалайсың ба? Олар сол жаққа (Сирияға - Авт.) барғың келе ме деп сұрады. Басында бас тарттым (...) Бірақ олар маған жаза берді, жаза берді, әңгімеден әңгіме туды", - деді қыз. Ол тіпті билет сатып алуға тырысыпты, бірақ оны туыстары уақытында тоқтатты. Қыз отбасына оралды.

Заңгерлердің айтуынша, алдап адам тартушыларды жазалау оңай шаруа емес. Егер куәгерлер мен тікелей дәлелдер болмаса ешкім жазаланбайды да. Ал бұл оқиғада тергеушілер алдап адам тартқандарды белгісіз тұлғалар деп көрсетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети