18 қараша 2015 09:57

Қазақстандық қыз Париж әуежайында мұсылмандардың бөлек тексерілгенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франциядағы терактілерден кейін елге оралған қазақстандық әуежайда мұсылмандар мен еуропалықтардың бөлек тексерілгенін айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Франциядағы терактілерден кейін елге оралған қазақстандық әуежайда мұсылмандар мен еуропалықтардың бөлек тексерілгенін айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Әуежайда мұсылмандар төлқұжат тексерісінен бөлек өтті. Тексеріп шықты. Неге екені, Еуропа елдерінің азаматтары тексерістен бөлек өтті. Ал мұсылмандар бөлек. Бізді бөлек тексерді. Қатаң тексерді, мұқият. Ұзақ", - деді Ақтау тұрғыны Индира Айтмұратова.

Оның айтуынша, қайғылы жағдай туралы ол Интернеттен білген. "Францияда бір журналист кездесіп қалды. Ол Қазақстан елшілігінен біреу хабарласты ма деп сұрады. Осы бізді қатты қынжылтты, себебі елшіліктен ешкім хабарласып, бәрі дұрыс па деп сұраған жоқ. Бұл үлкен минус. Кейбір таксилер тегін жеткізіп салды. Әсіресе орталықта. Бес жұлдызды қонақүйдегілер клиенттеріне қоңырау шалып, бәрі дұрыс па деп білді", - деп еске алды Айтмұратова.

Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети