Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстандық Манхэттенде жарылыс болған жерден 15 минут бұрын кетіп қалған

18 Қыркүйек 2016, 13:01
0
Қанат Бейсекеев. © facebook.com
Қанат Бейсекеев. © facebook.com

Қазақстандық Қанат Бейсекеев Манхэттенде жарылыс болған жерден оқиғаға дейін 15 минут бұрын кетіп қалған. Бұл туралы 24 жастағы режиссер Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Бейсекеевтің айтуынша, жарылыс болған түні ол достарымен Нью-Йорктің орталық көшелерінде серуендеп жүрген. Жарылысқа дейін 15 минут бұрын олар 23-і көшеден өткен. Еске салайық, жарылыс салдарынан 29 адамды ауруханаға жеткізген, бір адамның жарақаты өте ауыр.

"Жарылыс болған уақытта біз шамамен 300 метр алыстап кеткен болатынбыз. Біз бір кафеге кіргенбіз. Жарылыстың қаншалықты жойқын болғанын білмеймін, алайда біз осындай қашықтықтан жарылыстың дауысын естімедік. Біз 23-і көшеге қарай 30-40 минуттан соң бет бұрдық. Оқиға болған жерде сол кездің өзінде полицейлер, дәрігерлер және журналисттер жұмыс істеп жатты. Адамдар өте көп болды. Полицейлер көшені толығымен қоршауға алды, - дейді ол.

Еске салайық, кешкі уақытта 20.30-да (Астана уақытымен 18 қыркүйек 06.30-да) Челси ауданында жойқын жарылыс болды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай