29 желтоқсан 2016 17:59

Қазақстандыққа Омбыда көршісін зорлады деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nashaplaneta.su © nashaplaneta.su

Омбы қаласында қазақстандық 36 жастағы ер адамды тұрмысқа шыққан қызды зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды НГС.ОМСК.


Омбы қаласында қазақстандық 36 жастағы ер адамды тұрмысқа шыққан қызды зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды НГС.ОМСК.

Қазақстан азаматы 28 желтоқсанда Ленин округында 22 жастағы қызды зорлады делінген. Полицейлер қыздың 36 жастағы көршісін ұстаған, - деп хабарлайды Ресей тергеу комитетінің Омбы облысының баспасөз қызметі. 

Ленин округының полиция бөлімшесінің аға тергеушінің айтуынша, Екатерина Кузьмина, кеше, 28 желтоқсанда түнгі уақытта өзінің көршісіне темекі сұрауға барған, алайда ол үйінде болмаған. Қызға 36 жастағы басқа бір көршісі темекі ұсынған. Осыны сылтауратқан ер адам, қызды алдап үйіне кіргізіп, зорлаған. 

Осы оқиғадан кейін, қыз күйеуіне барлығын айтып берген, олар бірге полиция шақырған. Күдіктіні 48 сағатқа қамауға алды, қазіргі уақытта оның ары қарай қамауда болуы қарастырылып жатыр. 

Тергеушінің айтуынша, ер адам Омбыда заңсыз жүрген, Қазақстан азаматы табыс табу үшін келіп, әр түрлі жұмыстар істеген. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам федералды іздеуде жүрген - ол жақында мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығып, Қазақстанның шекарасынан асуына тыйым салынғаны анықталған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети