05 қазан 2014 11:03

"Келісім" оппозициялық партиясы Латвиядағы Сейм сайлауында көш бастап келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Келісім" партиясының басшысы - Нил Ушаков. ©gorod.lv "Келісім" партиясының басшысы - Нил Ушаков. ©gorod.lv

"Келісім" оппозициялық партиясы Латвиядағы Сейм сайлауында көш бастап келеді. Әзірге сайлауға халықтың 70 пайызы қатысқан, - деп хабарлайды РИА Новости.


"Келісім" оппозициялық партиясы Латвиядағы Сейм сайлауында көш бастап келеді. Әзірге сайлауға халықтың 70 пайызы қатысқан, - деп хабарлайды РИА Новости.

Латвия Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, елдегі орыс тілді халықтың мүддесін қорғайтын "Келісім" оппозициялық партиясына көп дауыс берілген. Қазіргі мәлімет бойынша бұл партия 24,58 пайыз дауыс жинап, сайлауда көш басында келеді. Ал "Бірлік" партиясына - 20,68, "жасылдар" және крестьяндар одағы партиясына 20,36 пайыз дауыс берген. Әзірге 787 сайлау учаскесінің дауысы ғана саналған. Ал жалпы 1054 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. 

Елдегі заң шығарушы жиынға арналған 100 орынға жалпы 13 саяси партия мен біріккен республика өкілдерінен бас-аяғы 1156 үміткер таласуда. Жалпы республика аймағында 954 сайлау орталықтары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ тағы 98 сайлау орталықтары әлемнің 41 елінде ашылған. Дауыс беру елдің бес аймағында - Рига сайлау округінде, Видземде, Курземде, Латгалде және Земгалде өткен.  Дауыс беру қорытындысы бойынша Сеймге Рига сайлау округінен 32 депутат, Видземнен - 26, Курземнен - 13, Латгалден - 15 және Земгалден - 14 депутат өтетін болады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети