10 мамыр 2018 17:11

Кенияда су бөгеті жарылды: 38 адам мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Накуру көлі. Сурет ©REUTERS Накуру көлі. Сурет ©REUTERS

Кениядағы бөгеттің жарылу салдарынан 38 адам мерт болды, - деп хабарлайды РИА Новости сайты Citizen арнасына сілтеме жасап. 


Кениядағы бөгеттің жарылу салдарынан 38 адам мерт болды, - деп хабарлайды РИА Новости сайты Citizen арнасына сілтеме жасап. 

Шығыс Накуру округтік комиссардың орынбасары Омар Салат үйсіз қалғандарға уақытша баспана беріліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. 

Субукиа маңындағы "Пател" бөгеті 10 мамырда жарылған болатын. Оның салдарынан бірнеше тығыз орналасқан ауыл суға кетті. 

Мұның алдында бөгеттің жарылуынан 2,5 мың адам зардап шеккені айтылған болатын. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, апат болған аумақта эвакуация жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети