21 ақпан 2014 17:46

Киевте Львов милиционерлері бүлікшілер жағына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Киевте тәртіпсіздіктер жалғасып жатыр: Львовтан келген милиционерлер бүлікшілерге болысып, "Бүркіт" жасағына қарай оқ атуға дайын. Бұл туралы Tengrinews.kz "Газета.ru" порталына сілтеме жасап хабарлайды. Майданда бүлікшілер жағына шығып кеткен Львов милицонерлері егер құқық қорғау органдары тарапынан бір оқ атылса, оларға шабуылдауға әзір екенін айтты. Бүлікшілердің жағына 20 милиционер шығып отыр. Бұған дейін Киевтен "Аймақтар партиясы" депутаттары мен басқа да шенеуніктердің жаппай безе бастағанын хабарлаған едік. Жергілікті журналистер бұған Киев әуежайларындағы чартерлік рейстерге отырған жолаушылардың тізімін алып көз жеткізді. Соңғы мәлімет бойынша, қанды қырғынға ұласқан қақтығыста қаза тапқандардың қатары 80 адамға жетті. Елдің Ішкі істер министрі Виталий Захарченко "Бір тарапта 13, бір тарапта 67 адам қаза тапты" деп бөліп-жармай, еліміздің 80 азаматы қаза тапты деп айтқан жөн", - деп мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети