30 желтоқсан 2016 23:02

"Киндер-сюрпризды" ойлап тапқан адам дүниеден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Le Parisien © Le Parisien

Италияда 83 жасында "Киндер-сюрприз" шоколадты жұмыртқаларды жасаған Уильям Салице қайтыс болды, - деп жазады The Local.


Италияда 83 жасында "Киндер-сюрприз" шоколадты жұмыртқаларды жасаған Уильям Салице қайтыс болды, - деп жазады The Local.

Басылымның мәліметі бойынша, Салице 30 желтоқсан күні Павия қаласындағы ауруханада көз жұмған. Емдеу мекемесіне ол инсультпен түскен болатын. 

Салице 2007 жылы зейнетке шығып, кетерінде 400 мың еуро көлемінде сыйақы алып кеткен еді. 

Уильям Салице 1933 жылы Италияның Турин қаласында дүниеге келген. Ferrero компаниясында 1960-2007 жылдар аралығында еңбек еткен. Жетпісінші жылдар басында Салицеге компания шығаратын шоколадтан жасалған пасхальды жұмыртқалардың мереке кезінде ғана сұраныста болатындықтан, оны әрдайым сатылу жолын табуды тапсырады. Салице жұмыртқа ішіне құрастыруға келетін ойыншық бөлшектерін салуды ұсынады. Ал кейін  "Киндер-сюрприздер" балалар ғана емес, ересек адамдардың да сұранысына ие болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети