Кремль Charlie Hebdo карикатурасына байланысты Парижден түсінік талап етпейді

06 Қараша 2015, 17:10
0
Кремль Charlie Hebdo карикатурасына байланысты Парижден түсінік талап етпейді - © AP
© AP

Мәскеу Charlie Hebdo журналының Мысырдағы А321 ұшағының апатын күлкіге айналдыруына байланысты Парижден түсінік талап етпейді, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, тілшілердің карикатура туралы сұрағына Песков: "Жоқ, талап етпейміз", - деп жауап берген.

Францияның атышулы сатиралық Charlie Hebdo журналы Мысырда апатқа ұшыраған "Когалымавиа" компаниясының Airbus A321ұшағына карикатура жариялап, апатты қалжыңға айналдырған болатын. Журналда жарияланған қалжыңда ДАИШ лаңкестері үшін ресейлік лайнерді ұшырып түсіріп, "224 порция тегін тамаққа қол жеткізетін жалғыз мүмкіндік" болды делінген. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай