22 шілде 2015 15:37

Кісі өлтіргені үшін іздеуде бес жыл болған қазақстандық Тайландта ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Бір әйелді зорлады және өлтірді делініп, іздеуде болған Сырым Парманов Тайландта ұсталды, - деп хабарлайды Pattaya Daily News басылымы.


Бір әйелді зорлады және өлтірді делініп, іздеуде болған Сырым Парманов Тайландта ұсталды, - деп хабарлайды Pattaya Daily News басылымы.

Газеттің мәліметінше, таяуда өткен түнде көші-қон полициясының майоры Тамронг Сэнгваттанакун ауыр қылмыс жасау бойынша іздеуде жүрген қазақстандық азаматтың SP Village жалға алған үйінде екені жайлы мәлімет алады. Жедел топ Пармановты ұстауға жөнеледі.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жалға алған үйінде тұрып жатқан 37 жастағы ер адамды табады. "Полицейлер оған Қазақстан билігі берген кісі өлтірді, зорлады және тонады деген күдікпен қамауға алу туралы ресми ордерді көрсетіп, куәлігін дәйек ретінде тәркіледі және күдіктіні ұстады", - делінген хабарда.

Тайланд полиция өкілдері көші-қон полициясының Қазақстан Елшілігінен Қазақстанда бір әйелді зорлап, өлтірген қылмыстық топтың мүшесі болған Пармановты іздеуге және ұстауға әрекеттестік туралы сұраныс алғанын атап өтті. Қылмыс 2010 жылы жасалды.

Сол уақытта Парманов із жасырған болатын. 2014 жылы ол Тайландта, елдің мемлекеттік органдарына келген кезінде көрініп қалған. Кейін ол бір үйді жалға алады. "Куәлігін тексеру кезінде оның Тайландта болу мерзімінің 2015 жылдың 6 шілдеде аяқталғаны анықталды, осылайша оған бірінші кезекте көші-қон полициясы "Корольдік территориясына мерзімі өтіп кетсе де кіріп, болу" бабы бойынша айып тақты",- делінген хабарда. 

Таяуда күдіктінің ұсталғаны жайлы мәлімет Қазақстан Елшілігіне жолданады, кейін Парманов Қазақстанға экстрадицияланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети