31 наурыз 2017 21:40

Кішкентай қыздың улы жыланмен түскен суреті Желіде дауға айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралиялық Бьянка Дикинсон (Bianca Dickinson) Facebook желісіндегі өз парақшасында улы жыланның жанында ойнап жүрген Молли есімді қызының суретін жариялады. Осы суретті көріп қалған Mashable басылымы Дикинсонмен сұхбаттасқан, - деп хабарлайды Lenta.ru


Аустралиялық Бьянка Дикинсон (Bianca Dickinson) Facebook желісіндегі өз парақшасында улы жыланның жанында ойнап жүрген Молли есімді қызының суретін жариялады. Осы суретті көріп қалған Mashable басылымы Дикинсонмен сұхбаттасқан, - деп хабарлайды Lenta.ru

Бьянка Дикинсон аустралиялық Канива қаласында жыландардың өте көп екенін айтқан. Ол екі жасар қызына жаңа балалар киімі брендінің тауарларын кигізіп табиғат аясында суретке түсірмекші болған. Суретке түсіру барысында ол қызының аяғында жылан өрмелеп бара жатқанын көрген. 


facebook / Bianca Dickinson‎

Шошып қалған анасы қызының аяғынан жыланды қалай алып тастаймын деп жүргенде, жылан өзі кетіп қалған. Үйге барысымен суреттерді қараған сәтте, жыланның балаға шабуыл жасайын деп тұрған кадрларды тапқан. Көптеген адамдар мынадай жағдайға тап болса не істейтінін білмей қаларын жазған, ал біреулер жыландардың өздеріне керек кезде ғана шабуылдайтынын айтқан. Кейбір пікір қалдырушылар кішкентай қыздың фотоаппарат алдында қалай кәсіби модельдер секілді тұрғанына күмән келтіріп, мұның фотошоп болуын айтады. 

Дикинсонның жазбасы 23 мың лайк жинап, он мың рет репост жасалған. Суреттегі жыланды ғалымдар улы екенін және тек Аустралияда мекендейтінін айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети