12 шілде 2016 16:42

Күн жүйесінде тағы бір ғаламшар бар болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Астрономдар күн жүйесінен алыс орналасқан ергежейлі жаңа ғаламшарды тапты, - деп жазады The Guardin Халықаралық астрономиялық одақ (ХАО) мәліметіне сілтеме жасап.


Астрономдар күн жүйесінен алыс орналасқан ергежейлі жаңа ғаламшарды тапты, - деп жазады The Guardin Халықаралық астрономиялық одақ (ХАО) мәліметіне сілтеме жасап.

2015RR245 аспан денесі 730 жыл кезеңімен 34-120 астрономиялық бірлік қашықтықта созылған жолында Күннің айналасында қозғалады екен. Ергежейлі ғаламшардың радиусы - 350 шақырым. Аспан денесінің сыртқы қабаты мұздалған азот, су, көміртегі монооксиді және аз мөлшерде осы химиялық элементтің күрделі байланысқан түрі бар. Оның ішкі қабатының температурасы минус 220 градус Цельсий. Бұл ергежейлі ғаламшардың материясын сақтайды және пішінін өзгертпейді.

2015 RR245 ғаламшары Күнге тек 2096 жылы жақындауы мүмкін. Оған дейін ғалымдар аспан денесінің орбитасын зерттеп, физикалық және химиялық құрылымын түсінуді жоспарлап отыр. Негізі Күн жүйесінде сегіз ғаламшар бар. Олардың ішінде ең алыбы әрі ауыры - Юпитер. Плутон 2006 жылдан бастап ғаламшар болып есептелмейді, себебі ол ғаламшарға тән шарттарға сәйкес емес. Ол өз орбитасында басымдыққа ие емес.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети