Қырғыз саясаткері мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деген күдікке ілінді

10 Қазан 2017, 10:04
0
Қырғыз саясаткері мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деген күдікке ілінді - © РИА Новости
© РИА Новости

Қырғызстанда Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер билікті басып алмақшы болды деген күдікпен "Мекенчил"  саяси партиясының мүшесі Мелис Аспековті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚКМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын "Қырғызстан" саяси партиясының лидері мен парламент депутаты Қанатбек Исаев ұсталған болатын. Тергеу мәліметінше, олар Омурбек Бабанов президенттікке сайлауда жеңілген жағдайда билікті басып алмақшы болған. Аспековтің те осы іске қатысы бар делінеді.

"Аспеков белгілі бір топтың мүддесін қорғау мақсатында және президент сайлауының қорытындысы жарияланғаннан кейін республикада билікті басып алмақшы болды. Сондай-ақ, Аспеков Исаевпен және "Республика" партиясының басқа мүшелерімен сайлау кезінде және сайлау қорытындысынан кейін жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болды", - делінген хабарламада.

Тергеу басқармасы осы дерек бойынша 27-бап, 233-баптың 1-бөлігі бойынша және 295-бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Аспеков уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай