04 қаңтар 2016 23:04

Қырғыздың ұлттық тағамын қорлағаны үшін ағылшын азаматы еліне депортацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© xarchevnya.ru © xarchevnya.ru

Сот әлеуметтік желіде өз парақшасында ұлттық тағам туралы жағымсыз пікір жазған ұлыбританиялық Майкл Макфитті еліне депортациялау туралы қаулы шығарды, - деп хабарлайды Zanona.KG.


Сот әлеуметтік желіде өз парақшасында ұлттық тағам туралы жағымсыз пікір жазған ұлыбританиялық Майкл Макфитті еліне депортациялау туралы қаулы шығарды, - деп хабарлайды Zanona.KG.

Ыстық көл облысындағы "Құмтөр" алтын кеніндегі канадалық Centerra Gold алтын қазу компаниясында жұмыс істейтін Макфит әлеуметтік желідегі өз парақшасында шұжықты "жылқының жыныс мүшесімен салыстырған. Осыдан кейін компания қызметкерлері біркүндік ереуілге шығып, Қырғыз Республикасының ІІМ, МҰҚК және Бас прокуратурасына ағылшынды ұлттық тағамды қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп, хат жазған.  

Бұдан кейін автор жазбасын өшіріп, кешірім сұрайды. Алайда милиция қызметкерлері Бішкек әуежайында Макфитті ұстайды. Бірақ оның қамауға алынбағаны хабарланып отыр. "Ол Қаракөлдегі қонақүйде мекендейді, оған күзет қойылды, себебі "Құмтөр" жұмысшылары оның сөздеріне қатты ашулы", - деп хабарлады ІІБ өкілдері. 

Ал 4 қаңтарда Қаракөл қалалық соты ағылшын азаматын дереу өз еліне депортациялау туралы шешім шығарды. Макфитке айыппұл да салынбаған. Алайда ІІМ өкілдері "Құмтөр" жұмысшыларының соттың бұл шешіміне наразы болуы мүмкін екендігін айтып, алаңдап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети