03 қыркүйек 2015 15:35

Қырғызстан парламентінің депутаттығынан үміттілердің 250-ге жуығы істі болғандар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Депутаттықтан үміттілердің партиялық тізімінде 234 адам түрлі қылмыстық іс бойынша өтіп тұр. Мұндай мәліметті бүгін елдің Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлауға қатысушы партияларды тіркеу кезінде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент сайлауына дайындық жұмыстары барысында ҚР ІІМ ақпараттық орталығында депутат болуға үмітті 2210 азамат туралы мәлімет тексерілді. Тексеру барысында тізімдегі адамдардың 234-інің қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды, олардың арасындағы 53 адамның қолында қылмыстық іс бойынша шешім жоқ, 15 үміткер республиканың ІІМ мамандандырылған оперативтік есебінде тұр. Тағы үш үміткер іздеуде жүргендердің қатарында тұр.

Айта кетейік, Қырғызстанның парламент сайлауы 2015 жылы 4 қазанда өтеді. Бүгін ОСК-да 14 саяси партия сайлауға қатысу үшін тіркелді. Парламентке дауыс беру партиялық тізім бойынша жүзеге асады. Сайлаушылар дауысының 7 пайыздан жоғары көрсеткішіне қол жеткізген саяси бірлестік парламентке өтеді. ҚР Жоғарғы кеңесінде барлығы 120 депутаттық орын бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети