22 наурыз 2017 16:35

Қырғызстан президентінің немересі дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zanoza.kg © zanoza.kg

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың немересі дүниеге келді, - деп хабарлайды 5news.kg.


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың немересі дүниеге келді, - деп хабарлайды 5news.kg.

Мемлекет басшысының кенже қызы Әлия Шагиева ана атанды. Әлия мен Константиннің ұлы осы демалыс күндері өмірге келіпті. 

Әлия Шагиева өткен жылы тұрмысқа шыққан. Суретші қыздың жары - Константин Рязанов, 1992 жылы Бішкекте туған, бағдарламалау саласында қызмет атқарады және көпшілік алдында салтанатпен жүруді ұнатпайды екен. Ол Әлиямен төрт жыл бұрын Ғаламтор арқылы танысқан. Сол уақытта өзі 20 жаста, ал Әлия небәрі 15 жаста болған.

Kabarlar.org мәліметі бойынша, Әлия мен Константиннің тойы Қырғызстан жұртшылығына екіұдайы әсер етті. Бірі Әлияны құттықтап пікір қалдырса, енді біреулер жары қырғыз ұлтынан болмағаны үшін сынаған. 


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қызы мен күйеу баласын құттықтап жатыр © instagram

Әлия Шагиеваның есімі наурызда атақты бола түсті, ол Даун синдромымен ауыратын балалардың қоғамдық қорына 200 мың соң қайырымдылық ретінде аударған. Бұл қаражатты Әлия өзінің сурет көрмесінен түскен табысы деп отыр.

Ал осыған дейін Атамбаевтың кенже қызының тойы түсірілген видео Желіде пайда болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети