28 желтоқсан 2015 11:34

Қырғызстанда арнайы жасақтың қызметкері сарбазды атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zastavki.com © zastavki.com

Бішкекте ҚР "Пантера" Ұлттық ұланы арнайы жасағының қызметкері қарауыл қызметін атқару кезінде келісімшарт бойынша борышын өтеп жатқан сарбазды атып өлтірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Оқиға бүгін таңертең болды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, келісімшарт қызметінің әскери қызметкері қарауылға шабуылдаған. Қарауылшы шабуылдаған адамға оқ атуға мәжбүр болған. Ол ауруханаға барар жолда көз жұмды. Сонымен қатар, оқ тағы бір сарбазға тиді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жақын жерде тұрған. Ол Бішкектің №4 қалалық ауруханасына жатқызылды. Оқ сарбаздың ішіне тиген, дәрігерлер операция жасауға дайындалып жатыр.

Қырғызстанның Ұлттық ұлан қызметкерлерінің айтуынша, шабуыл жасаған әскери қызметкер мас болуы мүмкін. Алайда өзге сарбаздар оған оң сипаттама беріп, оның әскерилер арасында өткен жарыстарға бірнеше рет қатысқанын айтып отыр. Оқиға орнында Бішкектің Әскери прокуратурасы әскери гарнизонының мамандары жұмыс істеп жатыр. Сарапшылардың алдын ала қорытындылары бойынша, қарауыл оқты заңды түрде атқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети