29 қаңтар 2016 17:04

Қырғызстанда доллармен берілген кредиттер ұлттық валютаға ауыстырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Қырғызстан үкіметі азаматтардың доллармен алған кредиттерін ұлттық валютаға ауыстыру бойынша бағдарламаны іске қосуға ниетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Республикасының министрлер кабинетінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Құжат премьер-министрдің алдында, бірақ үкіметтің мақұлдауын алып үлгерді. Республика бойынша 9 миллиард сомға (100 миллион доллардан аса) ипотекалық кредит беріліпті. Олардың ішінде халықтың аз қамтылған тобы мен бюджетшілер 1 миллиард сомға (13 миллиард доллардан аса) қарызданған. Үкіметтегілер тек бюджетшілерге емес, қарыз алған барлық адамның да кредитін қайта есептейтінін айтып отыр.    

Ал Қырғызсттанның Ұлттық банкіндегілер ел үкіметінің бұл мақсаттарға қосымша қаржыландыру жасамайтынын айтты. Бюджетте доллармен алынған кредиттерді сомға ауыстыруға қаражат қарастырылып қойыпты. 

Еске салайық, 2015 жылдың басынан бері қырғыз валютасы долларға деген қатынасында 28,9 пайызға дейін әлсіреді, доллар үшін 58 сомнан 76,5 сомға дейін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети