21 қазан 2015 16:35

Қырғызстанда экстремистердің қашуына байланысты бес колонияның басшылары қызметтерінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

№ 50 түзту колониясынан экстремистердің қашуына байланысты Қырғызстанның Жаза атқару мемлекеттік қызметінің жүйесінде кадрлық ауыс-түйістер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның ЖАМҚ баспасөз хатшысы Александр Никсдорфқа сілтеме жасап.


№ 50 түзту колониясынан экстремистердің қашуына байланысты Қырғызстанның Жаза атқару мемлекеттік қызметінің жүйесінде кадрлық ауыс-түйістер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның ЖАМҚ баспасөз хатшысы Александр Никсдорфқа сілтеме жасап.

ЖАМҚ төрағасы генерал-майор Алик Мамырқұловтың бұйрығымен № 50 түзету мекемесінен қауіпті қылмыскерлердің қашуы мен тергеу изоляторының қызметкерлерінің қазасына әкеліп соққан жағдайға байланысты № 50 тергеу изоляторының басшысы, Бас режим-жедел басқармасының басшысы, Бас режим-жедел басқармасының аға жедел уәкілі, Режим және бақылау бөлімінің басшысы, Тәрбие жұмысы басқармасының басшысы, Күзет және қарауыл департаментінің батальон командирі, байланыс және техникалық қамсыздандыру тобының аға инспекторы қызметтерінен кетті.  

Сонымен қатар, ҚР ЖАМҚ басшылығы №2, 3, 8 және 16 түзету колонияларының басшыларын жұмыстан босату туралы бұйрыққа қол қойды. Қызметтен босаған барлық қызметкерлер кадрлық үлестіруге өтті. 

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети