25 тамыз 2015 16:44

Қырғызстанда импорт көлемі артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

ЕАЭО елдері шекарасындағы кедендік бақылау доғарылған екі апта ішінде Қырғызстанда импорт экспорттан асып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Одаққа мүше болған алғашқы күндері Республикатауарлардың көбін Қырғызстан мен Қазақстанға ғана шығарған. Текстильді тауарлар, жеміс-жидектер мен көкөністер де жеткізілді. Ведомствоның мәліметінше, қазір импорт көлемі экспорттан алғаш рет асып отыр.

2015 жылдың 12 тамыздан бастап Қырғызстанға 1483 жүк көлігі кірсе, ЕАЭО елдеріне 1228 көлік шықты. Дегенмен тек соңғы күндердің өзінде 41 көлік елге кірсе, 14 жүк көлігі ғана елден шыққан. Мамандар ЕАЭО елдерінің тауарлары елдегі Қытай тауарларының орнын басады деп болжап отыр.

Еске сала ктеейік, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы кедендік бақылау 12 тамызда доғарылды. Шекараны ашу туралы өкімді Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев телекөпір арқылы шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети