16 қазан 2015 10:02

Қырғызстанда қашқын экстремистер жаралаған төртінші адам көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Қырғызстанда қашқын экстремистер жаралаған төртінші адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстанда қашқын экстремистер жаралаған төртінші адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 қазанға қараған түні Қырғызстан ЖӨМҚ қызметкері, ішкі қызмет подполковнигі Тілек Әбілғазиев қайтыс болды, ол қашқын экстремистерден ауыр жарақат алған. Мамандардың айтуынша, оның денесі Қырғызстандағы туған жері Нарын облысына жіберіледі.

Қаза болған Әбілғазиев органда 1998 жылдың мамырынан бастап қызмет еткен. Үйленген, артында үш баласы қалды. Ол 43 жасында көз жұмды.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети