Қырғызстанда қашқын экстремистер туралы хабар бергендер миллион сом алады

19 Қазан 2015, 15:00
0
Қырғызстанда қашқын экстремистер туралы хабар бергендер миллион сом алады - © Тengrinews.kz
© Тengrinews.kz

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі түрмеден қашқан экстремистер туралы мәлімет бергендерге миллион сом сыйақы жариялады (шамамен 14,5 мың доллар). Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Іздеудегі қылмыскерлер туралы қандай да бір мәліметі бар адамдардан құқық қорғау органдарына хабарласу сұралып отыр. Аты-жөнді жасыруға болады.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.

Айта кетейік, 16 қазан күні іздеудегі қылмыскерлер "Дордой" базарында жүр деген хабар түсіп, экстремистерді ұстау кезінде олардың біреуінің көзі жойылды. Мерт болған Қадырәлиев Данияр Қылышбекұлы 1976 жылы 9 қарашада ҚР Жұмғалы ауданы Мин-Куш ауылында туылған, орта білімді, ұлты қырғыз. Оны Бішкек қалалық сотында тоғыз бап бойынша айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Мамандардың айтуынша, қалған үш экстремист сақалдарын алып, түрлерін өзгертулері әбден мүмкін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай