20 қазан 2015 16:06

Қырғызстанда қашқын тоғыз экстремистің біреуі түрмеде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таалайбек Жұманов. © zanoza.kg Таалайбек Жұманов. © zanoza.kg

Бішкекте түрмеден қашқан тоғыз экстремистің біреуі Таалайбек Жұманов қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Экстремист түрмеден қаша салып, ұсталды. Қырғызстан үкіметі жанындағы жазаны өтеу мемлекеттік қызметінің мамандары қылмыскердің жүрек жетімсіздігінен көз жұмғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.

Айта кетейік, 16 қазан күні іздеудегі қылмыскерлер "Дордой" базарында жүр деген хабар түсіп, экстремистерді ұстау кезінде олардың біреуінің көзі жойылды. Мерт болған Қадырәлиев Данияр Қылышбекұлы 1976 жылы 9 қарашада ҚР Жұмғалы ауданы Мин-Куш ауылында туылған, орта білімді, ұлты қырғыз. Оны Бішкек қалалық сотында тоғыз бап бойынша айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, бүгін, 20 қазанда қашқын экстремистерді ұстау кезінде тағы біреуінің көзі жойылды. Арнайы операция Қырғызстанның Шу облысының Соқылық ауданындағы Арал ауылында өткізілген. Республиканың ІІМ мәліметінше, қашқын қылмыскер мал қорасында жасырынған. Ол туралы хабарды жергілікті тұрғындар беріпті. Ұсталмаған әлі екі экстремист бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети