04 маусым 2015 14:43

Қырғызстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерге тыйым салу мәселесіне нүкте қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Сергей Красноухов © РИА Новости / Сергей Красноухов

Қырғызстанда бүгін, 4 маусымнан бастап рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелу мен тіркеуге тыйым салу туралы заң күшіне енді, - деп хабарлайды "РИА Новости" республиканың мемлекеттік тіркеу қызметіне сілтеме жасап.


Қырғызстанда бүгін, 4 маусымнан бастап рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелу мен тіркеуге тыйым салу туралы заң күшіне енді, - деп хабарлайды "РИА Новости" республиканың мемлекеттік тіркеу қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, бұл заңға Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев 26 ақпанда қол қойған. Енді бұл елге рулі оң жақта орналасқан көліктерді кіргізу мен тіркеуге заңмен тыйым салынды. Алайда бұл заңның шетелдіктердің уақытша әкелген көліктеріне қатысы жоқ, дегенмен оның мерзімі 6 айдан аспауы тиіс.

"Сонымен қатар, тыйым салынбағын көліктердің қатарына коммуналдық және ауыл шаруашылығына қажетті, құрылыс пен жолға, яғни автокрандар, автобурлар, автобетономешалкалар, суару машиналары мен көлік құралдарының кейбірі ілікті. 3 маусым көліктерді тіркейтін соңғы күн болды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, соңғы бір айдың ішінде Қырғызстанға 7 мыңнан аса автокөлік әкелінген және олардың барлығы бірдей тіркеліп үлгермепті. Жалпы Қырғызстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерге тыйым салу мәселесі 10 жылдан бері талқыланып келеді. 2010 жылы бұл елдің парламенті рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдады, алайда бұл шешімге қарсы көптеген наразылық шарасы ұйымдастырылып, президент оған қол қоймаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети