20 тамыз 2015 15:57

Қырғызстанда теңге бес сомға тең болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда сомға шаққандағы теңге бағамы күрт түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін таңертең сом 3 теңгеге сатылып жатса, түстен кейін қырғыздың ұлттық валютасы 5 теңгеге бағаланды. Ал Бішкектің көптеген айырбас пункттері қазақстандық валютаны қабылдамай тастады.


Қырғызстанда сомға шаққандағы теңге бағамы күрт түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін таңертең сом 3 теңгеге сатылып жатса, түстен кейін қырғыздың ұлттық валютасы 5 теңгеге бағаланды. Ал Бішкектің көптеген айырбас пункттері қазақстандық валютаны қабылдамай тастады.

Теңге еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін Қырғызстанда доллар бағамы қымбаттап кетті. Түстен кейінгі уақыттан бастап америкалық валюта 65 сомға сатылып жатыр. Алайда таяуда және бүгін таңда доллар 61-62 сомға сатылған еді. 

"Бағамдардың бұлай ауытқуы Қытайдың юаньді еркін ауытқуға өткізуінен басталды. Бізде юань ақшалар әлі жатыр, оларды ешкім алғысы келмейді. Бүгін осындай шешімді Қазақстан да жасады. Енді бізде теңгені де ешкім алмайды. Өзімізді қауіп-қатерден сақтау үшін теңгені сатып алуды тоқтаттық. Валюталардың бағамы әр жарты сағат сайын өзгеріп жатыр. Нарықты қадағалап үлгермей жатырмыз", - деді Бішкектің айырбас пунктінің қызметкері Чыныра Акматова.

Қырғызстанның Ұлттық банкінің өкілдері Қырғызстан нарығындағы жағдайдың Қазақстандағы оқиғаларға деген қалыпты әсері екенін түсіндіріп жатыр. Қырғызстанның Ұлттық банкінің валюталар бағамын өзгертуге құқысы жоқ. 1992 жылдан бері сом еркін ауытқу жүйесіне көшкен және оны тек нарық реттейді. Ұлттық банк ұлттық валютаға әсер ету тетіктерінен сол уақыттан бері айырылған. 

"Теңге мен доллардың бүгінгі жағдайы біздің Қазақстанда сатып алатын және сәйкесінше Қазақстанға экспортталатын тауарларымыздың қымбаттауына әкеп соқтыруы мүмкін", - дейді экономика ғылымдарының докторы Жұмақадыр Акенеев. - Өкінішке орай, Қырғызстанда да, Қазақстанда да ірі операциялардың басым бөлігі соммен немесе теңгемен емес, доллармен жүзеге асырылады. Сондықтан біз де, біздің экономикамыз да осы сыртқы факторларға тәуелді боламыз".

Еске салайық, бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети