04 мамыр 2017 10:57

Қырғызстандағы жер сілкінісінен 270 үй мен әлеуметтік нысан бүлінген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметінен Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметінен

2017 жылдың 3 мамырында Қырғызстанда болған қуатты жер сілкінісі салдарынан 66 тұрғын үй мен әлеуметтік маңызы бар төрт нысан қирап, апат жағдайында тұр. Тағы 200-ден аса үйдің қабырғалары жарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар таулы аймақтарда орналасқан бес ауылдағы жалпы үш жүздей үйді қарап шыққан. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Тәжікстан аумағында болған. Оның қуаты 7 балл болды, ал Қырғызстанда 4-5 балл дүмпулер сезілген. 

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті билік органдарының қызметкерлері қатарынан құрылған арнайы комиссия тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды аралап жүр. Тұрғындардың біразы қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір өтемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатыр. 

"Біздің өкілдер мен әкімдік қызметкерлері қазір баспана қорын зерттеп, шығын көлемін анықтауы керек. Жергілікті билік органдары жер сілкінісінен үйлері қираған отбасыларға өтемақы беру мәселесін шешеді. Ал біздің қызметкерлер адамдарды қауіпті жерлерден мәжбүрлеп көшіру туралы ұйғарым шығарады. Мұны бүгін-ертең аяқтаймыз деген ойдамын", - дейді Қырғызстан ТЖМ-нің баспасөз хатшысы Эльмира Шерипова.

Әзірше зардап шеккен отбасыларға уақытша баспана ретінде палаткалар орнатылды. Жалпылай бес орындық 100 палатка бөлінді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети