30 сәуір 2017 17:41

Қырғызстандағы лай көшкінінің салдары: Тағы екі қыздың мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Үзген ауданындағы Зергер ауылдық округіне қарасты Аюу ауылында лай көшкіні жүрген жерден екі қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Turmush сайты Қырғызстанның ТЖМ өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

30 сәуірде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында шамамен 14:15-та 12 жастағы екі қыз баланың мәйіті табылды. Іздестіру жұмыстарына 380 адам қатысып жатыр.

Үзгенде лай көшкінінен қаза тапқан қырғызстандықтардың аты-жөнін жергілікті БАҚ-тар жариялап жатыр. 

30 сәуір Қырғызстанда аза тұту күні болып жарияланды.

 Еске салайық, сенбі күні Аюу ауылындағы 11 үйді шамамен 200 мың текше метр көшкін лай жауып қалған болатын. ТЖМ мәліметінше, жеті үйде тұрып жатқан 24 адам көшкіннің астында қалып қойған. Олардың барлығы қаза тапқан. Артында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети