Қырғызстандағы Талас қаласының тұрғындары Атамбаевтың мәлімдемесіне қарсы шеруге шықты

29 Қазан 2017, 19:47
0
Қырғызстандағы Талас қаласының тұрғындары Атамбаевтың мәлімдемесіне қарсы шеруге шықты - © sputnik.kg
© sputnik.kg

29 қазанда Қырғызстандағы Талас қаласында мемлекеттік облыстық әкімшілігінің ғимаратының алдында наразылық акциясы өтіп, оған шамамен 100 адам қатысқан, - деп хабарлайды Kaktus.media.

"Азаттык" радиосының мәліметінше, олардың шеруге шыққандағы мақсаты президент Алмазбек Атамбаевтың Талас облысының тұрғындарына қатысты айтқан мәлімдемесіне қарсылығын білдіру.

Акцияға қатысқандардың қолында қырғыз тілінде мынадай мәтін болған: "Кыргыз элинин намысы бардыгынан жогору" (Қырғыз елінің намысы барлығынан жоғары), "Манастын урпактарын экиге бөлбөгүлө" ("Манастың ұрпақтарын екіге бөлмеңдер").

18 қазанда Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында елдегі жоғары оқу орындарының үздік студенттеріне шәкіртақы тағайындау шарасындағы сөзінде Таласта президенттік сайлаудан кейін наразылық акциясына шыққандар "Манас" эпосының үзіндісін тыңдағысы келмеді деп, бұған өкінішін жеткізген болатын. 

Ал апта ортасында Қырғызстанның Талас облысының тұрғынымыз деген бірнеше ақсақал Бішкекте баспасөз конференциясын өткізіп, мемлекет басшысынан таластықтардан кешірім сұрасын деп талап еткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай